Завод басшысы Серік Садықов елбасыға бұндай завод тек Канада мен Қазақстанда ғана бар екендігіне тоқталды,-деп хабарлайды Қазақстан Тудей.Завод 23 гектар жерді алып жатқанымен онда бірде бір түтін шығарушы мұржа жоқ. Садықовтың айтуынша, 2004-ші жылы 40 мың тонна қалайы тақтайшалары шығарылады. Завод өз күшіне 2006-шы жылы енеді. Заводта 800 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ елбасы Балқаш тау-металлургия комбинатының "Қазақмыс" Акционерлік Қоғамының аға басқарушысы Руслан Юнмен күкірт диогсиді газынан ауаны тазалау технологиясының барысымен танысты. Бұл қондырғының Қазақстаның ең экологиялық ауыр жағдай қалыптасқан қалаларының бірі - Балқашты улы түтіннен арылтуындағы маңызы зор. Жылына әрбір балқаштыққа 500 мың тонна улы зат келсе, соның басым бөлігін күкірт диоксиді құрайды.
Қолданылатын технология күкіртті газдың 7 пайызын залалсыздандырады. Ауаға шығатын газдарды тазалау 90-93 пайызға жетпек. Барлық қондырғыны 2005-ші жылы іске қосу жоспарланса, басты сүзгілер келесі жылдың наурызында іске қосылуы тиіс.