Accessibility links

Қыркүйектің соңында жер сілкінуінен запа шеккен Таулы Алтайдың қазақтар қоныстанған Қош-ағаш және Ұлаған аудандарында 250 үй тұрғызылады.


Зілзала кезінде тұтас қираған Белтір ауылын жаңа жерден тұрғызу көзделген. Белтірдің 180- дей үйінде 1 мың 300 адам тұрған. Қош- ағаштың аудандық емханасы мен Ұлағанның Ақтас аулының орта мектебіне жөндеу жүреді. Сондай-ақ 830 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы 27-ші қыркүйек пен 1 қазандағы екі күшті жер дүмпуінен 1 жарым мың тұрғын үй қираған, 2 мыңнан аса адам баспанасыз қалған. Көпшілік суық кезге қарамастан шарасыздан шатырларда күнелтуге мәжбүр. Алтай Республикасында әлі де жер сілкінулері болып тұрады, Төтенше жағдай министрлігінің мамандарының айтуынша, бұл қарашаның соңына шейін жалғасуы мүмкін. Таулы Алтай мемлекеттік университетінің ғалымдары қызық мәліметтер жинаған. Қош-ағаштың тұрғындарының айтуынша, бірінші жер сілкінісі болардың алдында, бір ай бұрын тау текелер тұтас бұл аймақтан ауып кеткен. Қысқы ұйқыға кеткен суырлар оянып алып, таудағы қасқар,түлкілер сирей түскен. Суыққа қарамастан шылаушын құрттары жер бетіне шыға бастаған. Жыландардың өздері індерінен шығып әбігершілік танытқан. Шу өзеніндегі балық жоғалып кеткен. Бұған қоса жер сілкінісі басталмас алдын Қош-ағаш пен Ұлағаның тұрғындарының бастары ауырып жүректері сыздаған.
XS
SM
MD
LG