Accessibility links

Жұлдызды қалашықта қазақстандық ғарышкер тобы дайындықтан өтуде.


Жақында Байқоңырға келіп кеткен Ғарышкерлерді дайындау орталығы бастығының орынбасары Валерий Корзун ҚазАқпарат тілшісіне Жұлдызды қалашықта дайындықтан өтіп жатқан қазақстандық ғарышкерлер туралы қысқаша сұхбат берді. “Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов биылғы жылы ғарышкерлер тобына алынған 11 үміткердің қатарында Жұлдызды қалашықта 2003 жылғы маусымның 16-нан бері жалпығарыштық дайындықтан өтуде”деді В.Корзун өз сөзінде. Ғарышкерлерді дайындау орталығында осымен екінші жыл қатарынан дайындықтан өтіп жатқан біздің тағы екі отандасымыз бар, олар - Руслан Мұхамедрәсімов пен Ермек Шайдуллиндер. Қазір медициналық комиссиядан өтіп жатқан олар, комисия аяқталған соң, Орталықтағы дайындықтарын одан әрі қарай жалғастырады.
XS
SM
MD
LG