Accessibility links

Шымкентте "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атты байқаудың қорытындысы шығарылды.


Байқауға шағын және орта бизнес саласының 200-ден астам кәсіпорындары қатысты. Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасынан хабарлады. "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" байқауы Шымкентте биыл осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы байқауды ұйымдастырған облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы ауылдағы кәсіпкерлікке баса назар аударды. Байқау қорытындысы 13 бағыт бойынша шығарылды. Биыл "Ауылдағы демеуші", "Ауылдағы таңдаулы кәсіпкер", "Ауылдағы таңдаулы жас басшы", "Ауылшаруашылығын несиелендіру шарасын ең мықты ұйымдастырушы" деген жаңа 4 атау қосылды. Марат Оразалиев "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атағын жеңіп алды. Биыл "Ақ-ниет" жеке шаруа серіктестігінің таза пайдасы 8 млн. теңгеге жеткен. Бұл компания дәрілік шөптер сатумен және дәріхана бизнесімен айналысады.
XS
SM
MD
LG