Соңғы болған зілзала салдарынан Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарына 316 миллион теңгенің материалдық шығыны келді.ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы қазанның 29-да өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Талғатбек Абайділдин мәлімдеді. Зілзаладан қатты зардап шеккен – Зырян қаласы. Қыркүйектің 27-і, 29-ы және 30-ында болған алғашқы үш жер сілкіністері салдарынан мұнда бес қабатты екі үй құлап, ондағы тұрғындар баспанасыз қалған. Т.Абайділдиннің айтуынша, бүгінде осы қираған үйлерден көшірілген 76 отбасы бұрынғы колледждің ескі жатақханасында тұрып жатыр. Жер сілкінісінен кейін олармен екі рет кездескен әкім, олардың баспана мәселесі шешілетіндігіне уәде берген болатын. Бірақ, қыркүйектің 27-нен бері бір ай уақыт өтсе де, бұл мәселе шешілмеген. Зілзала салдарын жоюға республикалық бюджеттен әзірге қаржы келіп түсе қоймағандықтан, адамдар тұрмыстық жағдай жасалмаған жайларда тұрып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?