Accessibility links

Тикриттегі АҚШ әскері өз миссияларын орындау мақсатында Ирақта қала беретінін айтады


Ирақтың биліктен құлатылған басшысы Саддам Хусейннің туған қаласы Тикритте орналасқан АҚШ әскерлері ара-тұра қиын жағдайларға кездесіп тұрады.

Және олар БАҚ-дарының коалиция күштері шабуылға жиі ұшырап, моральдық келбеттерін жоғалтып жатыр деп ұдайы жазып жатқандығынан шаршағандықтарын айтады. Бірақ та американ әскерлері Ирақ адамдарына көмектесу жөніндегі өз миссиялары толық орындалмайынша, Ирақтан қайтпаймыз дейді.

АҚШ-тың 3-ші жаяу әскерлер бөлімінің 1-ші жасағы Саддам Хусейннің туған қаласы әрі оның билігінің орталығы болған Тикритте орналасқан. Бұл сүнниттердің үштігі деп аталатын бөлік ел астанасы - Бағдадпен солтүстік және батыс аймақты қосып жатыр. Бұл үштік аймағында өткен аптада қатты қақтығыс орын алып, сенбі күні Тикриттің маңында АҚШ-тың қырғи тікұшағы жерге қонуына мәжбүр болған және бірнеше жанкешті терроршының жарылыс жасауынан Бағдад пен Фаллуджада бірнеше ирақтық өлген.

АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтағы соғыс аяқталды деп жариялағаннан бері де мұнда одақтас күштерге шабуылдар толастамай, Американың 114 әскері мерт болып отыр. Дегенмен, Тикриттегі американ әскерінің капитаны Лоу Кастилло, өздерінің алғашқы келгеннен де миссияны орындауға деген құлшыныстары артып отырғанын айтады.

- Американдық әскерлер рухани күш- жігерін жоғалтқан жоқ. Бірақ, БАҚ өкілдері өздері жақсы көріну үшін бізді сатып кетеді, және тек жаман жаңалықтарды ғана хабарлап, біздің нақты не істеп жатқанымызды, біздің шынайы алаңдаушылығымызды айтпайды, - дейді АҚШ капитаны

Тикриттегі 1-ші әскери жасақтың міндетіне соңғы кезде көбейіп отырған одақтас күштерге шабуыл жасаушыларды іздеу мен жасырынған қару- жарақты табу кіреді. Ирақтағы миссиялары жайында сұраған Азаттық радиосының тілшісіне әскери жетекшілік осы жолы біраз өзгеріс енгізе айтты, яғни капитан Кастилло, біздің мұндағы міндетіміз- Ирақ халқына көмектесу деген. Ирақтағы миссиялары жөнінде сержант Николаш Батиста болса, Ирақтың жақсарып келе жатқанын тоқтатуға тырысып жатқандарды ұстау дейді.

Ирақта наурыз айының соңынан бері жүрген Батиста кейбір АҚШ әскерінің өздерінің мақсат-міндеттерінің көбейіп, өмірлеріне төнген қауіптің ұзаққа созылып отырғанына көңілдері тола қоймайтынын түсінемін дей келе, алайда бұл жауынгердің өмірі ғой дегенді айтады.

- Бұл мәселеде мен бірқатар сарбаздардың өздерін бақытсыз сезінетінін түсінемін. Менің меңзеп отырғаным, бұл менің мұндай мақсаттағы алтыншы мәрте орнығуым , ал кейбір адамдар үшін бұл бірінші рет. Олар өздерінің жанұяларын, үйлерін, балалары мен әйелдерін бәрін сағына бастады. Бірақ, әскер ретінде бұл біз орындайтын міндет. Біз сол үшін еріктілерміз.

Мұндағы 1-ші әскери жасақ үшінгі қиын кезең, олар қазір Тикриттегі Саддамның бірнеше сарайына орналасқандықтан оларға шабуыл болуы мүмкін. Десе де, АҚШ әскерлері өте зәулім сарай , желдеткіші мен бассейні бар және кең-кең бөлмелі ғимаратта тұрудың Ирақтағы басқа американ әскерлерімен салыстырғанда жақсырақ екенін түсінеді.

АҚШ-тық маман Майкл Бернестің айтуынша, мұнда тұру әскери жағынан емес психологиялық жағынан қиын. Біз шындығында бұл жерде кіммен соғысып жүргенімізді білмейміз. Бұл бір әруақтың, жан-рухының соңына түсіп жүрген сияқты күйді танытады. Және де жергілікті мәдениетті түсініп, тереңірек білуге күресу екенін дәлелдеп отыр дейді Майкл Бернес:

- Олар өте қатты жылдамдықпен жүреді. Олар абайлап жүрер, бір жағынан олай болмауы да мүмкін. Мен жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіні де көрдім. Және сіз білесіз бе, олар сондай шыдамсыз. Сіз оларға күтіңіз тоқтаңыз десеңіз, олар сізге ренжиді олар барлық жерге тез жеткісі келеді. Олар Америка немесе АҚШ-тың одақтас күштері оларға бәрін қазір жасап беру керек деп күтеді. Оған уақыт қажет екенін түсінбейді.

Осындай жайттарға қарамастан Тикриттегі Америка әскерлері олардың талаптарына түсіністікпен қарап, кей кездері олардың сезімдері ушығып кетпеуінен сақтанады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG