Accessibility links

Қазақстандық күрдтер туралы жаңа кітап


Қазан айының соңғы аптасында академик Нәдір Нәдіровтың «Біз, қазақстандық күрділер» атты кітабы жарыққа шықты.

Кітаптың авторы Нәдір Нәдіров бұл кітапті ерекше бағалайтынын айтты. Нәдір Нәдіров, Қазақстандағы Күрдтер қауымдастығының жетекшесі, академик:

- Менің жазған кітаптарым көп, бірақ күрд халқына арнап бірінші рет жазып отырмын. Біраз уақыттан бері еңбектендім, бұл кітап маған өте қымбат, бұл кітапта мен біз қазақстандық күрд екенімізді мақтанышпен жаздым, себебі біздің басқа күрдтерден айырмашылығымыз бар. 1937 жылы бірінші рет күрдтер жер аударғанда оларды жойып жіберуге тырысты, бірақ қазақ халқының жылылығының, қазақ жерінің жылылығымен біз өлмей, үлкен дәрежелерге жеттік. Қазіргі кезде күрдтер көптеген салада жұмыс жасайды, мемлекеттің қалыптасуына өз үлесін қосып жатыр. Сол себептен кітаптің негізгі мақсаты – бірлік. Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының жетекшісі Нәдір Нәдіров өзінің жаңа кітабында республикадағы күрдер өздерінің қазақстандық екенін мақтанышпен айтатынын бірнеше себептермен байланыстырды.

Нәдір Нәдіров, Қазақстандағы Күрдтер қауымдастығының жетекшесі, академик:

- Дүниежүзінде күрдтердің саны 40 миллион адам, бірақ олардың мемлекеті жоқ. Біз басқа мемлекеттердегі күрдтердің жағдайын білеміз. Шетелде тұратын туыстарымыз бар, біз олардың жағдайын білеміз, олар бізге келеді. Бізге үстіміздегі жылы Иранда тұратын ағайынды апаймыз келді. Сол кісі 15 күндей бізде болып, -«Сендер бахыттысыңдар, Сталинді жамандамай, оған рахмет айту керек, жер аударғанда қазақ жеріне жебергені үшін»,- деп айтты. Себебі Қазақстандағы күрдтердің құқығы күллі қазақстандық азаматтардың құқығымен тең. Ең бастасы бірлік болу керек, мен кітапта осы мәселені көтердім.

Қазақстандағы достықты сипаттайтын академик Нәдір Нәдіровтың кітабі 3 мың данамен шыққан. Күрд әйелдері комитетінің мүшесі Гүлизар Дәутова жаңа кітап арқылы қазақ жеріне қалай келгенін білген.

Гүлизар Даутова, Күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Менің ата-анам Қазақстанда туып өскен, мен өзімінің күрд екенімді білемін, бірақ біздің тарихымызды мен Нәдір Нәдіровтың кітабі арқылы білдім, сол себептен бұл басылымның жарыққа шыққанына мен қуаныштымын.

Қазақстандық күрдтер мен олардың Қазақстандағы тұрмыс- тіршілігін сипаттайтын кітапты алғашқылардың бірі болып Шығыстану институтының директор орынбасары Комунар Талипов оқыған.

Комунар Талипов, Шығыстану институтының директор орынбасары: - Бұл кітапта күрд халқымен қазақ халқы арасындағы достық сипатталған. Бұл өте дұрыс деп есептеймін, себебі біздің мемлекетте 130-дан астам ұлыс тұрады, бұл біздің мақтанашымыз, осы қол жеткізген жетістігімізді біз айтуымыз керек.

Сонымен қатар, Комунар Талиповтың ойынша, мұндай кітапты Қазақстандағы басқада ұлт өкілдері жазу керек. Комунар Талипов, Шығыстану институтының директор орынбасары: - Осы арқылы Қазақстанда мекендейтін халықтар бір-бірін жақсы білетін болады. Қазақстандағы ұйғырлар туралыда осындай кітап шықса, деп ойлаймын. Себебі ұйғырлардың арасында да көптеген танымалы тұлғалар бар, түрлі салаларда жұмыс жасайды, осы азаматтар туралы жазса, деп ойлаймын. «Біз, қазақстандық күрділер» деп аталатын кітабі бар күрдтер үстіміздігі жылдың қараша айында Қазақ жеріне келгеніне 66 жыл толғанын атап өтеді.
XS
SM
MD
LG