Accessibility links

Грекияда кейбір қазақстандық азаматшаларға көмек көрсетіліп жатыр


Францияда орналасқан "Әлем дәрігерлері" ұйымының грекиялық бөлімшесі Афин қаласында бұрынғы жезөкшелерге арналған қайырымдылық үй ашты. Мұнда аннан мыннан қашқан, құлдықтан әзер құтылған 12 қыз-келіншек денсаулықтарын түзейді, ес жиады, сосын бара бара қалаған жеріне кетеді. Бұрыңғы жезөкшелердің арасында Қазақстан азаматшалары да кездесіп отыр, дейді "Франс пресс" агенттігі. Олардың көпшілігі жоғары білімді, жақсы тұрмыс іздеп, шетелге кеткендер, алайда алданып, жезөкшелікке мәжбүрленген. Бұл қыздардың кейбіреуі қайырымдылық үйіне полиция арқылы түсті. Грекияның жаңа заңы бойынша, жезөкшелер заңсыз жүрген азамат емес, адам саудасының құрбаны деп танылады. Грекияда шамамен 7 мың мен 20 мың арасында қыз келіншек құлдықта жүр деп есептеледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG