Accessibility links

Каспий теңізінде 350 құс қырылды


Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мұнай іздеп жатқан "Аджип ККО" консорциумының қарамағындағы жерде түрлі құстардың жаппай қырылғаны анықталып жатыр. Атырау облыстық су қорлары бөлімінің бастығы Бостан Сүлейменов кеше "Қазақпарат" агенттігіне айтқандай, мұнай бұрғыланып жатқан жерде 250 емес, 350 түрлі құс мерт болды. Олар ұшып келе жатып теңіз суына және "Сұңқар" бұрғылау қондырғысына құлаған. "Аджип ККО" консорциумы бұл жағдай жөнінде түсінік беруден бас тартып отыр, "құстар ұзақ жолдан шаршап, өздері өлген шығар" дегенге бейім. Құстардың ажалын Алматы зоология институты зерттеп жатыр, олардың нәтижесі 6 қарашаға таман анықталмақ.
XS
SM
MD
LG