Accessibility links

АҚШ Сенатының сыртқы істер комитеті Сириямен қарым қатынас мәселесін талқылады


Депутаттарға есеп берген сыртқы істер министрінің көмекшісі Уильям Бернс Сирия Ирақ шекарасын бекітпей қойды, Ираққа кіріп жатқан партизандық топтарға қолдау көрсетіп отыр деді. "Әл-Қаида" террорлық ұйымына қатысты барлау мәліметтерін не болмаса Сирия банктеріндегі Ирақ ақшалары жөнінде мәлімет беріп, Сирия Америка Құрама Штаттарымен жұмыс істеді, алайда басқа мәселелерде оқшауланып тұр, деді сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі. "Хамас", "Хезболла" және "Ислам Жихады" сияқты жауынгерлік топтарға қолдауын тоқтатпаса Сенат Сирияға қарсы шара қолдануды ұсынып отыр. Бұл мәселе алда жеке талқыланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG