Қапқаз елдерінің бірі Гүржістанда жексенбі күні өткен парламенттік сайлаудың алғашқы есеп нәтижелеріне қарағанда,
Гүржістан үшін деген үкіметтік блок алда келеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комитетінен бір өкіл айтқан.
Ал бұл арада, Тбилисидегі бір қатар теле компаниялардың, сауалнама негізінде, жинақтаған деректеріне қарағанда, жеңіске Ұлттық қозғалыс деген оппозициондық партия жеткен сықылды. Жалпы партиялық тізім бойынша, Гүржістан парламентіне 150 депутат сайлануы тиіс. Оған қоса мажоритарлық округтардан тағы да 75 депутат сайланып, Жоғары заң орнындағы мүшелер саны 235 депутат болуы тиіс.
Ал, Абхазия автономиялық республикасынан 1992-жылы сайланған 10 депутат өз орындарында қала бермек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер