Accessibility links

Қазақстан республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары” жөніндегі жаңа заңның қабылдануына бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері қарсы болуда.


Бұл заңның жобасы Парламентттің қарауына тапсырылған еді. Мұндай мәлімдемелерін аталған жобаны талқылау бойынша Республикалық бұқаралық тыңдауларға жиналғандар бүгін жариялады. Басқосуға қатынасушылардың пікірінше, осы заң жобасының қабылдануы негізсіз болмақшы. Сондай-ақ ол қабылдана қалған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарының хұқықтары шектеліп, олардың еркін жұмыс істеуіне кедергі тудырмақшы. Ал, қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев: “Бұл жаңа заңның түкке керегі жоқ. Онда журналистер хұқын қорғайтын бірде-бір бап болмай тұр”, - деді.
XS
SM
MD
LG