Accessibility links

Қабылдағы өтпелі өкімет көптен күтілген Ата заң жобасын бүгін ресми түрде жариялады.


Жобалық бұл құжат ел басы Хамит Қарзайға салтанатты түрде тапысырылды. Елдегі саяси жүйеге және Ислам дінінің Ауғанстандағы рөлін анықтау бағытында аталған жобада үлкен қадамдар жасалған. Бұл құжат келесі айда 500 мүшесі бар Лойа Жырғада талқыланбақшы. Конституциялық жоба комиссиясы мүшелерінің бірінің сөзіне қарағанда, жаңа Ата заң бойынша ел басы мен қос шатырлы Патламентке кең рөл берілмекші. Ел басы болса, бұрынғыдай Парламент арқылы емес, тікелей халықтық сайлау арқылы белгіленетін болады. Бұдан бұрынғы хабарлар бойынша, билік тұтқасы өкімет басшысы мен ел басы арасында бөлінуі керек болатын-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG