Accessibility links

Бір күннің ішінде Ирақтағы қақтығыстар барысында кем дегенде төрт бейбіт тұрғын қаза болған.


Кеше Киркук қаласында белгісіз біреулердің минометтық шабуылы кесірінен екі қарапайым тұрғын қаза болып, алтауы жараланған еді. Куәлардың айтуынша, тұрғын үйлер жанына артиллериялық үш снаряд келіп түскен. Сондай-ақ Фаллужахта болған АҚШ әскерилері мен көтерілісшілер арасындағы атыс барысында 11 жасар бір бала қаза болған екен. Бүгін таңға жуық Бақуба қаласында, мінген көліктері минаға жарылуы себепті ирақтық бір ер азамат қаза болып, жетеуі жараланған. АҚШ күштеріне қарсы кешегі болған шабуылдар барысында 18 америкалықтар қаза болып, 21-і жараланған еді. Бүгін таң ертең сол жаралылардың 16-сы Германиядағы АҚШ Әуе күштері базасына жеткізілді-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. АҚШ күштері шілде айында тұтқындаған ирандық екі журналисті бүгін босатты. Бұл істе Британия дипломаттары ара ағайындық рөл атқарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG