Accessibility links

Қырғыз журналисті қасақана өлтірілген


Адам құқықтары белсенділері, Ерінс Назалов есімді журналист суға шөгіп өлді деген қырғыз полициясының сараптамасын ақиқатқа сай келмейді, деп ондай қорытынды шығарған заң орындарын қатты қаралап отыр. Ош қаласында орналасқан АҚШ демеушілігіндегі Ақпараттар қоры орталығының жетекшісі Тоқсанбаевтің айтуынша, журналист Назалов Қырғызстандағы аймақтық әкімдердің сыбайлас жемқорлығы жөнінде айғақты деректер жинақтап жүрген кезде, қыркүйектің орталарында, оның мәйіті Ош қаласы аумағынан табылған. Оның денесіне пышақ салынып, аяқ, қол саусақтарының бір неше жерден сынғаны анықталған. Сондай-ақ, өліміне дейін Ерінс Назаловты белгісіз біреулер бір неше рет сабап, өлтіреміз, деп қорқытқан да екен. Қырғызстандағы Адам құқықтарын қорғау қозғалысы жетекшісі Турсунбек Ақуновтың айтуынша, бұл қылмысты істің тергелуін тездетіп жабудағы мақсаттары - Назаловтың қасақана өлтірілгендігін жұрттан жасырып қалу шарасы сияқты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG