Accessibility links

Ирақта алапат шабуылдар одан әрі жалғасуда.


Мұндай шабуылдар АҚШ елбасы Джордж Буштың арнайы мәлімдемесінен кейін бірер сағат өтісімен өрістей түсті. Буш мырза өз сөзінде: “Ирақтағы жаулар Америка өз мақсатынан қашады деп сенуде. Сондықтан олар жазықсыз адамдарды, көмек көрсету қызметкерлерін, коалиция күштері өкілдерін өлтіруде. Америка ешқашан қашпайды. Біздің елімізді барынша қауіпсіз ету жолындағы қажетті болғанның барлығын да Америка атқарады"-, деді АҚШ елбасы. Демалыс күні Ирақта тікұшақтың атып түсірілуі себепті 16 америкалық әскеридің қаза болғанынан бері Буштың жасап отырған бұл-алғашқы мәлімдемесі,- дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Түрлі шабуылдар барысында шығындар саны өсе түсуде. Кеше Сенат АҚШ-тың Ирақтағы және Ауғанстандағы жасақтары үшін 64 миллиард 700 миллион доллар, сондай-ақ Ирақты қалпына келтіруге 18 миллиард 600 миллион доллар қаржының бөлінуін мақұлдады.
XS
SM
MD
LG