АЛМАТЫ: Ұлттық (мұнай) қорына ақша аударудың нәтижесінде ҚР-сы Ұлттық банкінің халықаралық қоры, қазіргі бағамен есептегенде, 3,6 пайызға немесе 176 млн. долларға төмендеді. Қаржы министрлігінің сыртқы берешегін өтеу мен Ұлттық қор активтерін толтыру үшін 283,8 млн. доллар валютаны сатуды Ұлттық банк ішкі валюта базарынан валюта сатып алу есебінен жапқан. Бірақ оның салдарынан бас банктің таза валюта қоры 179,3 млн. долларға қысқарған. Қазақстанның жалпы халықаралық қоры 7.837 млрд. долларды құрайды, оның ішінде – Ұлттық (мұнай) қорының үлесі 3.083 млрд. долларға жеткен.
Қазақ айында ҚР-сы Ұлттық банкінің халықаралық қоры, қазіргі бағамен есептегенде, 3,6 пайызға немесе 176 млн. долларға төмендеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV