Accessibility links

Шетелдік инвесторлар болашақ іскерлік ахуалға байланысты Кремльге назар аударып отыр


Ресейдің мұнай алпауыты Юкос басшысы Михаил Ходорковскийге тиісілі қомақты үлестің тәркіленуі Ресейдің қор биржасына ықпал жасады.

Көптеген шетелдік инвесторлар үкімет Юкостың құнды қағаздарының елеулі бөлігін босатады деген сенімде, өйткені бұл шешім күллі ресейлік инвестициялық жағдай үшін маңызды.

Ресейдің мұнай алпауыты Юкос-тың басшысы Михаил Ходорковскийге тиісілі мөлшермен 40 пайыз үлесті Ресей Бас прокуратурасының тоқтатуы жағдайды қиындата түсті.

Батыстық іскерлер ресейлік базарға күмәнмен қарап, Ресейдегі сот жүйесінің тәуелсіздігіне сенімсіздік танытып, Ресейдегі өз инвестицияларының болашағына алаңдаулы күйде.

Дүйсенбі күні Ресей елбасы Владимир Путин батыстық іскерлерді сабасына түсіруге тырысты. Путин таяудағы жекешелендірулердің нәтижесі қайтадан қаралмайтындығын айтты.

"Мен жекешелендірудің нәтижесі ойдағыдай болмаса да, жекешелендіру нәтижелерін қайтадан қарауға үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені менің нақты сенімім бойынша, бұл экономикаға жаман ықпалын тигізеді, бұнымен қоса әлеуметтік сала үшін де оның салдары ауыр тиеді. Сондықтан ешқандай қайтадан жекешелендіру мен жекешелендіру нәтижелерін қайтадан қарау болмайды."

Талдаушылардың айтуынша, қазіргі Юкос төңірегінде қалыптасып жатқан жағдай Батыс инвесторларының Ресейге деген сенімін жоғалта қойған жоқ, бірақ компанияның тоқтатылған үлесін үкімет тәркілей ме, немесе ол акционерлерге қайтарыла ма, бұл шетелдік капитал үшін белгі болып, бұл жағдай мұқият бақыланады.

Ресейдегі сайлаулар алдында оппозициялық партияларға қаржылай қолдау көрсеткені үшін Ходорковский аляқтық пен салық төлемеген деп айыпталып, сергелдеңге ұшырап отырғандығы Батыс бақылаушыларының назарына ілініп отыр. Үкіметтің Юкостың басына бұлт үйіруінің жартылай саяси да астары бар. Олардың айтуынша, Ходарковский, Путиннің бизнес алпауыттарымен билікті өз қолына алған кезде жасаған, "ақша табыңдар, бірақ Кремль саясатына арласпаңдар" деген келісімін бұзған.

Лондонда орналасқан Экономикалық барлау мекемесінің өкілі Николас Редманның айтуынша, Батыс іскерлері Юкостың ісі бұл Путиннің жеке кек алуы болуын қалаған еді, сонда бұл басқа инвестицияларға байланысты олардың пікірін біршама сабасына түсірер еді.

"Егер елбасы тізгінді өз қолында толық ұстамай, президентен төмен тұрған адамдардың күйкі тірліктері бар дегеннен гөрі, бұл Путин аса құдіретті тұлғаға сабақ берген болса, онда Батыстың инвесторларына бұл біршама жеңілдік әкелген болар еді."

Юкостың мәселесі қалайша өрбитіндігін оның жартысын сатып алмақшы болған АҚШ-тың мұнай алпауыты Ексон Мобил мұқият бақылайтын болады. Редманың айтуынша, Ресейдің мұнай және газ саласы тым мол, сондықтан бұдан бастарту бола қоймас.

Ресей экономикасын қалпына келтіру тек мұнай саласының мол инвестицияларына ғана байланысты болмайды. Талдаушылардың пайымдауынша, Ресей экономикасының басқа салаларына инвестиция салатын шетелдіктерге жекеменшік пен акционерлердің құқықтары үкіметтің ойына келгенінен запа шекпейтіндігі туралы арнаулы кепілдемелер берілуі тиіс.

Өткен айда АҚШ қаржы министрі Джон Сноу Ираққа байланысты бір пікір айтып еді, ол кез келген елге жарайды, " Капитал-қорқақ, Ол өзіне қауіпті жерлерге бармайды."
XS
SM
MD
LG