Accessibility links

Ресей елбасы Путин Италияға ресми сапарын бастады.


Оның барысында Италия және Еуропа одағы ресми өкілдерімен кездесулер өткізіледі деп жоспарлануда. Ол сондай-ақ папа Иоан Павелдің қабылдауында болмақшы. Италия ресми басшыларымен бүгін болатын кездесулер барысында табиғи газ мәселесінен бастап, өзара мәдениет саласындағы қарым-қатынастарға дейінгі кең тұрғыдағы сауалдар талқыланбақшы. Ертеңге белгіленген Еуропа одағы және Ресей арасындағы жоғарғы дәрежелі кездесу барысында экономика, шекаралық бақылау және оқу-ағарту ісіндегі ауқымды сауалдар талқыланатын болады. Дипломаттардың сөзіне қарағанда Ресейдің Юкос компаниясы басшысы Ходорковскийдің қамауға алынуы да осы кездесуде көтерілуі мүмкін. Жұма күні Путин мырза Парижде Франция елбасы Жак Ширакпен кездесетін болады.
XS
SM
MD
LG