Accessibility links

Вашингтон штатында бірнеше кісіні өлтірді деген айыппен сотқа тартылған Гэри Риджуэй өзінің қанды қолынан 48 әйелдің құрбан болғанын мойындады.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Вашингтон штатында бірнеше кісіні өлтірді деген айыппен сотқа тартылған Гэри Риджуэй өзінің қанды қолынан 48 әйелдің құрбан болғанын мойындады. Өз қылмыстарын мойындау туралы сот мәжілісінде оқып берген мәлімдемесінде сотталушы өзі жезөуше деп таныған әйелдерді өлтіре бергенін атап көрсетеді. Қылмыстарын мойындауы мен тергеуге көмек беруі Г.Риджуэйдің өлім жазасынан құтылуына мүмкіндік береді. 1982-інші жылдан бері кісі өлтіре бастаған әлгі қылмыскер жазасын өмірінің соңына дейін тұрмеде өтейді. Оның ісін тергеу – “Гран-Риверден шыққан тажалдың ісі” деген атаумен тарихта қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG