Accessibility links

Ресей президенті В.Путин жер қойнауын пайдалануға ЮКОС мұнай компаниясына берілген рұқсатты қайтарып алуға қарсылық білдірді.


РИМ: Бүгін Римде Ресей мен ЕуроОдақ арасындағы бас қосу өтеді. Ал сәрсенбі күні Ресей президенті В.Путин жер қойнауын пайдалануға ЮКОС мұнай компаниясына берілген рұқсатты қайтарып алуға қарсылық білдірді. Рұқсатты қайтарып алу туралы оның алдында Ресейдің табиғат министрлігі хабарлады. Римде болған баспасөз-маслихатында президент В.Путин ЮКОС-тің іс-әрекетіне мемлекет тосқауыл қоюға тиіс емес деп мәлімдеді. Сәрсенбіде Ресей президенті, сондай-ақ, Италия басшылығымен екі ел арасындағы ынтымақтастықтық және Ресей мен ЕурОдақ арасында визасыз қатынас орнатудың болашағы мәселесі басты тақырыптар болған келіссөздер өткізді.
XS
SM
MD
LG