Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық джаз және блюзфестивалі өтеді.


АЛМАТЫ: Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық джаз және блюзфестивалі өтеді. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен “Америка дауыстары” Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аталмыш фестиваль Астана және Алматыда қараша айында өтпек. 20-сыншы қарашада астаналықтар КоКо Йорк пен Майк Дель Ферро триосының орындауында “Миссисипи блюзі” композициясын тыңдай алса, белгілі неміс дирижері әрі саксофонда ойнаушы Вернер Энглерт, алматылық жастардың джаз оркестрімен бірлесіп, джаз және блюз фестивалін 8-інші қарашада Алматыда ашады. Одан кейін 22-23-інші қарашада Қазақтың мемлекеттік филармониясының орталық концерт залында тағы 2 концерт қойылады.
XS
SM
MD
LG