РИМ: Ливия араб елінің басшысы Муаммар Қаддафидің ұлы – Италиядағы “Перуджа” футбол командасының ойыншысы Саади Қаддафи допинг сынағынан өте алмады. Оның қанынан тыйым салынған дәрі-дәрмектің ізі аңғарылған. С.Қаддафи – “Перуджа” клубына таяуда ғана қабылданып, жасыл алаңға шығып өнер көрсетіп те үлгермепті. Ендігі жерде оның жасыл алаңға шығуына бірнеше айға тыйым салынуы ықтимал.
Муаммар Қаддафидің ұлы әрі Италиядағы “Перуджа” футбол командасының ойыншысы Саади Қаддафи допинг сынағынан өте алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV