БҰҰ жанындағы халықаралық Атом энергия агенттігі Иран елін қосымша тексеруге байланысты хаттамаға қол қоюды сұраған болатын. Ондағы мақсат- өздеріне тағылып отырған “ядролық қаруларды өрістетуде” деген айыптауды жоққа шығару үшін Иранның ядролық бағдарламаларының сипатын барынша тексерушілерге ашық түрде ұсынуына қол жеткізу. Иран өкіметі аталған агенттіктің өз ядролық бағдарламаларын тексеруіне мүмкіндіктер жасауға келісіп отыр дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агнеттігі.