Accessibility links

Өзім асыраймын деп ықылас танытып жатқандары жоқ


Астана қаласындағы балалар үйi орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Ақгүл Кендiбаеваның айтуынша, бұл мекеме 1989 жылға дейiн мектеп-интернат болып келген.


1989 жылдан бастап Астана қаласының отбасылық балалар үйi болып қайта құрылған.

Мұнда балалар 3 жастан бастап, мектеп бiтiргенге дейiн тәрбиеленедi. Оның айтуынша, мұндағы балалардың саны жыл сайын үш-төрт балаға көбейiп отырады. Балалардың кейбiрiнiң анасы немесе әкесi бар:

“Негізінен ата-анасы қайтыс болған, сонан кейін заң жүзінде ата-аналық құқынан айырылған отбасыларынан түскен балалар. Олардың не әкесі немесе анасы бар. Мысалы, бір отбасында төрт бала болса, олардың бәрі де балалар үйінде тәрбиеленеді. Оларды туыстық қарым-қатынастан айырмас үшін бір отбасында тәрбиелейді.”

Балалар үйiнiң өз орта мектебi, демалыс орыны бар. Оларға140 қызметкер қызмет етедi.

“Балалар үйінде 15 отбасы я бар. Оның 7-еуі ұлттық отбасы Онда көбінесе қазақ ұлтының балалары тәрбиеленеді. Негізінен мектеп орыс тілді. “Гүлдер” пансионаты деген балалар үйінің бөлімшесі бар. Ондағы қазақ балалары қазақ мектебіне барады.”

Ақгүл Кендібаеваның айтуынша, балалардың мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсулеріне жағдайлар жасалады. Осы мекемеде 4 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол, мұндағы балаларды асырап алушыларды кездестірмепті. Ал, баласын іздеп келген олардың әкесі немесе аналарына баламен жолығуына рұқсат беріледі.

“Әртүрлі ата-аналар бар. Кейбірі ішімдік ішіп, есіне түскенде келуі мүмкін. Ол кезде балалар үйінің маңайына жолатпауға тырысамыз.Көбісі келеді, араласады, бірақ өзім асыраймын деп, аса ықылас танытып жатқандары жоқ.”

Біз осы мекемеге қарасты “Гүлдер” пансионатында да болып, кішкентай бүлдіршіндермен жүздестік.

Аталған мекеменің қызметкерлерінің айтуынша, қарашаның 7-і күні мұнда Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия қызметкерлері келеді.
XS
SM
MD
LG