Accessibility links

Үстіміздегі жылдың 9 айында Маңғыстауда полицейлер қарақшылық жолмен балық аулаушылардан бекіре балықтың 6 тоннасын тәркіледі.


АҚТАУ: Үстіміздегі жылдың 9 айында Маңғыстауда полицейлер рұқсатсыз балық аулаушылардан бекіре балықтың 6 тоннасын тәркіледі. Ол шара құқық қорғау мен табиғатты қорғау мекемелерінің бірлесіп әрекет ету жоспары шеңберінде жүзеге асырылды. Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Мақаш Оспановтың Қазақстан тудэй агенттігіне хабарлағанындай, ол шара бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып, 6 т. бекіре балыққа қоса, 11 килә уылдырық, 46 балық аулау сайманы, 25 моторлы қайық және 2 мылтық тәркіленген. М.Оспановтың мәлімдеуінше, техниканың ең соңғы үлгілерімен қаруланған қарақшылардың басым бөлігін Өзбекстан, Түркіменстан, Пәкістан және Сирия сынды шетелдердің азаматтары құрайтын көрінеді.
XS
SM
MD
LG