Accessibility links

Болашаққа деген алаңдаушылық


Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Алматыда экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы 5-ші қараша күні экологиялық орталықтың мамандары жариялады.

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталық қызметкерлерінің айтуынша, жобаны "Молдова, Грузия және Қазақстан тәрізді таңдалған елдерде өндірістердің экологиялық тазалығын қамтамасыз ету" атты жоба аясында ТАСИС қолдап отыр. Бағдарламаға кәсіпорындар мен мемлекеттік экологиялық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз экологтар, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.

Қарашаның 10-14 жұлдызында тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан екінші семинарды өткізу көзделіп отыр. Тренингтерді Ұлыбритания, Польша және Қазақстандық мамандар өткізеді. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанда өндірістің экологиялық тазалығы жөніндегі тренер-кеңесшілер желісін қалыптастыру болмақ. Жоба аясында сарапшылар өзара тәжірибе алмасып, бұл бағыттың қазіргі даму жағдайына баға беріледі.

Қазақстан экологтары шетелдік әріптестері мен бірігіп экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі ой бөлісіп, тәжірибе алмасуды жоспарлап жатқан тұста Қостанай облысы Жетіқара қаласының тұрғындары өндіріс қалдықтарын қайта өндеумен шұғылданатын кәсіпорынның ашылуына наразыболып отыр. Себебі Жетіқара қаласында соғыс жылдарында алтын алынып, шахталарға су толып кеткеннен кейін бұл өндіріс орнындағы жұмыс аяқталған. Шахталардан алынған топырақ қаланың маңайна үйілген. Оның құрамында сынап, амияк, басқада бағалы металл болған.

Бүгінгі таңда қаланың ортасында қалған ондіріс қалдықтарын қайта өңдеу туралы мәселе көтеріліп отыр, Жетіқара қаласында оны өңдеумен айналысатын арнайы кәсіпорын құрылып, қажетті жабдықтар әкелне бастаған. Алайда бұл әрекетке халық наразылық білдіріп отыр. Себебі өндіріс қалдықтары маңайына барған мал жиі өледі. Кезінде топырақпен арнайы жабылған үйінді қайта ашылса, бұл орны толмас экологиялық апатқа әкелуі мүмкін,-дейді қала тұрғындары, Қала әкімі Алтынбек Мұстафаев әзірге нақты шешім қабылдамаған.

Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі «Баку-Тбилиси –Жейхан” мұнай құбыры жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіп жатыр. Бұл талқылау жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни желтоқсан айында жоғарыда аталған қаржы институттары Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбырын салуға арнап 150 млн. доллардан несие бөлу туралы шешім қабылдайды.

Бұл орайда Швейцарияда орын тепкен «Әлемдік Тылсым Табиғат Қоры» атты экологиялық ұйым Әлемдік Банкті «Баку- Тбилиси-Жейхан» құбыр жолы жобасын қаржыландырмау жөнінде ескертті. Қордың соңғы мәлімдемесінде айтылғанындай, бұл құбыр жолы аймаққа экологиялық апат алып келуі мүмкін. «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры жобасына Қазақстанда да әр түрлі пікір қалыптасып отыр. Ресми билік өкілдері Қазақстан жағы бұл жобағы қатысады, деп келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда «Баку-Тбилиси-Жейхан» бағытындағы мұнай құбыры компаниясына біріккен Қазақстандағы төрт шетелдік компания қамтылады. Олардың «Баку-Тбилиси-Жейхан» жобасындағы үлесі 15 процентті құрайды. Ал қазақстандық экологтар бұл жобаны қолдап отырған жоқ. Тәуелсіз экологтардың пайымдауынша, «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыры Әзірбайжан мен Грузия мемлекеттері арқылы іске асқанымен, бұл құбырды қазақ мұнайымен толтыру керек. Сол себептен бұл құбыр іске асса экологиялық зардапты ең алдымен қазақ жағы көреді.

Махамбет Хәкімов, «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі: - Каспийдан мұнай құбыры салынғанда оның зияны ең алдымен бізге келеді. Мысалы, «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбырын толтыру үшін Әзірбайжанның мұнайы жетпейді, сол себептен мұнайды олар Қазақстаннан ала бастайды. Ал статистика бойынша, мұнай тасмалдау барысында көп төгіледі. Тасмалдау барысында апат болғанын талай байқадық. Ал Каспий жалғыз қазақтың теңізі емес, бұл бес мемлекеттің су айдыны.

Қазақстанда Каспий теңізінен өзге сирек кездесетін бірегей су айдындарының біріне Арал теңізі жатқан. Бүгінгі таңда Орта Азия мемлекеттерінің қайғысына айналған Арал теңізінің мәселесі дүниежүзін толғандырып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары осыдан екі жыл бұрын, егер Арал мәселесін бірігіп шешпесе, 2020 жылы бұл теңіз жойылып кетуі мүмкін дегенді айтқан болатын. Қазақстандық мамандар бұл мәселе жөнінде болжам жасай алмай отыр. Үстіміздегі жылы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылғанына 10 жыл толды. Бұл қордың Алматыдағы бөлімінің жетекшісі Алмабек Нұрушевтың айтуынша, 10 жыл ішінде қор айтарлықтай жұмыс жасады.

Алмабек Нұрушев, Халықаралық Аралды құтқару қорының Алматыдағы бөлімінің жетекшісі: - Негізінде сол қордың ережесі, бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама 1994 жылы бес елдің жетекшілері мен Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұймының қолдауымен бекітілген. Бұл бағдарлама аяқталды, деп ойлаймыз. Оның кейбір мәселелері шешілді, кейбір мәселелері шешіліп жатыр.

Халықаралық Аралды құтқару қоры дүниеге келгеннен бері Арал өңіріндегі жағдай жақсарғанын Арал қаласы әкімінің қызметін атқарып жатқан Болатбек Кемалошовқа растап отыр.

Болатбек Кемалошов, Арал қаласы әкімінің қызметін атқарушы: - Қазіргі кезде біздің ішіп отырған суымыздың сапасы жақсы, қала тұрғындарының әлеіметтік мәселелері шешілген. Аралды құтқару қоры айтарлықтай көмектесті. Жуыр күндері осы қордың құрылғанына 10 жыл толғанына орай бізде бір жиын болып өтті.

Ең бастасы Халықаралық Аралды тұтқару қоры арқылы Кіші Аралды сақтап қалу жобасы іске аса бастайды. Кіші Арал қайта оралса, Арал өңірін тастап кеткен Айбол Битуғанов ауылына оралуды жоспарлап отыр.

Айбол Битуғанов, бұрынғы Арал өңірінің тұрғыны: - Бізде негізінде экологиялық апатты аймақтарға ақша көп бөлінеді, шетелден келіп түседі, өзіміздің мемлекетімізде айтарлықтай ақша бөледі, бірақ сол ақша өз мақсатына жұмсалмай жатады, бұл енді менің ойым. Ал жалпы, Аралдың бір бөлігі немесе кіші Арал қайта келсе, бұл халықтың тұрмыс-тіршілігіне жақсы болады, деп ойлаймын.

Кіші Арал жобасы 2006 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Алайда кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, «Кіші Арал» жобасы іске асса, Орта Азия елдерінде тұщы суға деген күрес басталады, себебі Кіші Аралды сақтап қалу үшін қолдан салынатын бөген Өзбекстанға баратын суды жібермей қалады. Бірақ Аралы құтқару қорының Алматыдағы бөлімінің жетекшісі Алмабек Нұрушев суға талас болмайды дегенді айтып отыр.

Алмабек Нұрушев, Халықаралық Аралды құтқару қорының Алматыдағы бөлімінің жетекшісі: - Қақтығыс болмайды, деп ойлаймын. Себебі бес мемлекеттің өз-ара келісімі бар. Бұл келісімді Кеңіс Одағынан бұрынғы Ресей үкіметі ойдап тапқан жоқ, бұл келісімді Кеңес үкіметі де шығырған жоқ. Жалпы Орта Азия елдері бір-бірімен бөлісіп отырады. Қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен ағайындар жарты шелек суы болса да әрдайым бөлісіп отырады.
XS
SM
MD
LG