Accessibility links

Бүгін ҚР-сының президенті Н.Назарбаевтың Сенгапурға 4 күндік мемлекеттік сапары басталды.


СИНГАПУР: Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Н.Назарбаевтың Сингапур президенті Селлапан Рама Натанмен ресми кездесуі және екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша, өзара бетпе-бет келіссөздері жоспарланып отыр. Осы күні Қазақстан Елбасы, сондай-ақ, Сингапурдың премьер-министрі Го Чок Тонгпен жүздеседі. Сингапур – Қазақстан президентінің Азия аймағын ресми сапармен аралайтын бірінші аялдамасы. 10-12-інші қараша аралығында Филиппинде, 12-14-інші қарашада Оңтүстік Кәрейде ресми сапарда болады.
XS
SM
MD
LG