Accessibility links

Грузия президенті Эдуард Шеварднадзе кеше кешкісін таладидар арқылы халыққа арнау сөз сөйлеп, тыныштандыруға тырысқан.


Өйткені елдегі оппозиция бүгін президент тағынан кетсін деген талапппен жаппай наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отырған болатын. Президент грузин халқын теке-тіреске бармауға шақырып, оның азаматтық соғыстан бір қадам ғана алыс тұрғанын ескертті. Шеварднадзе өткен жексенбі күні болған парламенттік сайлаудың қорытындысына қоғамның наразылығын мойындады. Ол наразылық танытушыларды тікелей тілдесіп, сөйлесуге шақырды, бірақ та мәселені саясаткерлер емес, сот пен сайлау шенеуніктері шешуі керек деп атап көрсеткен. Сайлаудың түпкілікті нәтижелері әлі хабарланған жоқ. Елдің ішінде кеше бірқатар шерулер өткізілген. Ол енді Тбилисиде болатын жалпы митингке жалғаспақшы. Кеше бүркемеленген бұзақылар Зугдиди қаласында оппозицияның жиынына кедергі келтіріп, тәртіпсіздік орын алған, қаңғыған оқ тиіп, бір әйел жараланаған.
XS
SM
MD
LG