Кеше мыңдаған оппозиция жақтастары өткен жексенбіде болған парламенттік сайлау қорытындысына наразылықпен және президент Шеварднадзе орнынан кетсін деген талаппен Грузия астанасында көшелерге шықты. 4-10 мың адам аралығында болған шерушілер Парламент үйі жанына жиналды, тәртіптің бұзылмауын полиция бақылап тұрған. Полиция сондай-ақ Президент әкімшілігіне қарай баратын жолды бөгеген бір жүздей демонстрантты таратқан.
Оппозицияның саяси қайраткерлері Грузия үкіметін сайлау нәтижелерін қолдан жасап, бұрмалады деп айыптауда. Қазіргі парламент спикері, демократтар блогының басшысы Нино Бурянадце оппозицияны Грузиядағы демократия үшін күресуге шақырды.
- Грузия азаматтары ешқашан да өздерінің таңдау, сайлау хұқынан айрылғанын мойындамайды, олар ешқашан да өз елдерінде демократия жоқ, өлді дегенмен келіспейді, сондай-ақ олар сайланған парламентарийлердің орнына тағайындалған депутаттардың болуымен ешқашан да бір бәтуаға келе алмайды, - деп атап көрсеткен ол.
Ұлттық қозғалыс жетекшісі Михаил Саакашвили өз жақтастарымен бірге Параламент үйі жанында түнді өткізіп, бүгін наразылық акциясын қайта бастайтындықтарын айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?