Accessibility links

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан парламенттерінің депутаттары 25-27-қарашада Алматыда “Ортаазиялық ынтымақтастық” Ұйымы парламентарийлерінің екінші Мәжілісін өткізеді деп күтілуде.


АСТАНА: Тағы да Парламент Мәжілісінің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жоғарғы заң шығарушы мекемелерінің өкілдері 25-27-қараша аралығында Алматыда “Ортаазиялық ынтымақтастық” Ұйымы парламентарийлерінің екінші Мәжілісін өткізеді деп күтілуде. Орта Азия парламентарийлерінің бірінші форумы өткен жылы Ташкентте өтті. Ал биыл депутаттар халықаралық терроризмге қарсы ұлттық заңдарын үйлестіру, ұштастыру мақсатында бас қоспақ. Осы бас қосуға дайындық мәселесі Қазақстан Парламенті Мәжілісі аппаратының басшылық етуімен, арнайы құрылған парламенттік жұмыс тобының 4 қарашадағы отырысында талданды.
XS
SM
MD
LG