Accessibility links

Сауд Арабиясындағы террористік қастандық құрбандарының қатары ұлғая түсуде - олардың саны 17-ге жетті, оның ішінде 5 бала бар.


ӘР-РИЯД: Сауд Арабиясының астанасы - Әр-Риядтағы террористік қастандық құрбандарының қатары ұлғая түсуде. Олардың саны 17-ге жетті, оның ішінде 5 бала бар. Ол туралы жексенбі күні кешкісін ішкі істер министрлігінің ақпары есебінде Саудияның мемлекеттік баспассөз құралдары хабарлады. Ал жараланғандардың қатары 122-ге жетті, оның 36-сы балалар. Халықаралық қауымдастық Әр-Риядтағы террористік қастандыққа ащы наразылық білдірді. Жанпидашыл террористер жергілікті арабтар мен шетелдіктер тұратын ауданда бомба қойылған автокөлікті жарды. Қаза болғандардың басым көпшілігін арабтар құрады. Бірақ Судан, Ливан және Үндістан азаматтары және балалар бар. Сауд Арабиясының өкіметі террористік қастандықты “Әл-Қаида”-ның жасақтары ұйымдастырды деп санайды.
XS
SM
MD
LG