Accessibility links

Қазан төңкерісі күніне сәйкес келген коммунистер мерекесі


Өткен жұма, коммунистердің Қазан төңкерісінің 86 жылдығы мерекесі күндері Ресейдегі саяси партиялардың алдағы сайлау науқанына дайындық шараларымен, саяси тартыстармен өтті.


Әйгілі Битлз ансамблінің бұл сазын ресейлік Яблоко партиясының демократтары Мәскеудегі Пушкин алаңында ұйымдастырған саяси жиынына орай таңдап алыпты.

Оппозиция бағытындағы белсенді Александр Захаров жиынды аша отырып,

- Бүгін біз осыдан 86-жыл бұрыңғы кезеңдегідей, жолайрықта тұрмыз. Біз тағы да жиналдық, себебі - енді әкімшілік билік тарафынан террор қауіпі туып отыр, - деп бастады өз сөзін.

Яблоко партиясы жақтастары қолдарында ұстаған жалауларда Еркіндік, Ресей, Яблоко сондай-ақ Құпия қызметке азаматтық бақылау қажет делінген сөздер жазылыпты.

Яблоко партиясы жетекшісі Григорий Явлинский президент Путин айтатын демократия жалған, алдамшы демократия деп, Ресейдегі тоталитаризм қаупы жөнінде айта келе,

- Біз 1990 жыл үміттенген еркіндік елеске айналып, армандаған демократия Потемкін ауылындағы айғайға айнала бастады, - деді.

Бұл митингіге ЮКОСтың бұрың бұрыңғы дәулетті басшысы Ходорковскийді қолдап шыққан бір топ азаматтар да жалау көтере келіпті.

Жиынға көзғарас қайшылығы бар Яблоко және Оңшыл күштер одағы бірге келгенімен олар түгелдей бірге кендігін көрсете алмады.

Шамамен 5 пайыздық қалдау күшіне ие бұл екі партияның желтоқсандағы парламенттік сайлауда Думадан тисті орын алуы екіталай.

Оңшыл күштер партиясы жетекшісі Борис Немцов,

- Егер бір бөлінсек бізді езіп мыжып тастайды, егер біз өзара келісіміге келе алмасақ, онда тас-талқанымызды шығарады. Ал егер біз шеттеп қалсақ, онда Ресейде ешқандай демократия да, еркіндік, бостандық та болмайды, - деген Борис Немцов.

19-20 жастар шамасындағы бір топ студенттер , профессионалды армия құру керек, Шешенстанға әскери мамандық алмағандар жіберілмейді деген Оңшыл күштерді қолдап келіпті.

Ал бұрыңғы КГБ орналасқан алаң Люблянкада коммунистер жиын өткізген. Президент Путиннің Біріккен Ресей партиясымен қатар, алдағы Ресей Думасынан, 23 және 30 пайыздық дауыспен, тек қана коммунистер тиісті орын алатын сыңайы бар.

Коммунистердің соңғы кездегі ұраны Кеңестерге - билік, халыққа - нан, жұмысшыларға - жұмыс, халыққа – бейбітшілік, екен.

Қызыл армия киіміндегі коммунистер ежелгі советтік гимн басталған кезде бас киімдерін алып әнге қосылуға әрекет жасаған. Бірақ олардың көбі әнұран сөзін білмейтін болып шыққан.

Ал коммунистер жетекшісі Геннадий Зюганов атеистік дәстүрді бұзып, астанада сирек болатын күншуақты ауа райы үшін Аллаға рахметін айтып

- Қызыл қазан мерекесі күнінде Құдайдың өзі де бізбен өзара ынтымақтастық сезімін байқатып отыр. Мұндай ашық күн Мәскеуде жақын арада болмаған. Бұл күні жер шарының барша адал адамдары өз тағдырларын қызыл октябрь идеяларымен байланыстырған, - деді Зюганов.

Бұл күнгі коммунистердің шеруіне Латын америкалық революционер Че Гевараның қызы Алейде Гевара да қатысып,

- Бұл күні адамзаттың жаңа өмірі басталған болатын. Сол үшін әлем халқы орыстарға риза. Сол басталған істі одан әрі жалғастыру өте маңызды нәрсе, - деді.

Шеттеу тұрған 26 жастағы Андрей есімді жігіт Джони Уокер арағын іше тұрып, мен коммунистерге дауыс беремін, себебі олар ел байлығын халықпен бөліседі, деді.

Ал жастар арасында белгілі эстрада әншісі Лариса Долина махаббат әнінен патриоттық жырға қарай көшті.
XS
SM
MD
LG