ТБИЛИСИ: Грузия оппозициясының бірқатар өкілі дүйсенбі күні президент Э.Шеварнадзенің биліктен кетуін және жуырда болып өткен парламент сайлауының қорытындыларын жоюды талап етіп ашаршылық өткізуге кірісті. Радиомыздың жергілікті тілшісі хабарлағандай, оппозициялық партиялардың грузин парламенті алдындағы наразылық митингілеріне бірнеше мың адам қатысуда. Жаппай тәртіп бұзушылықтардың басталуынан сескенген Э.Шеварнадзенің үкіметі Панкиси тау шатқалынан ішкі әскерлердің бөлімдерін Тбилисиге шоғырландыра бастады.
Грузия оппозициясының бірқатар өкілі дүйсенбі күні президент Э.Шеварнадзенің биліктен кетуін талап етіп ашаршылық өткізуге кірісті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV