Accessibility links

Абдулла ГҮЛ: Ирақтың солтүстігінде орналасқан түркиялық күрдтердің қарулы жасақтары мен АҚШ-тың әскери бөлімдерінің арасында қақтығыс болды.


БАҒДАД: Ирақтың солтүстігінде орналасқан түркиялық күрдтердің қарулы жасақтары мен АҚШ-тың әскери бөлімдерінің арасында қақтығыс болды. Ол жөнінде дүйсенбіде Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл хабарлады. АҚШ-тың әскери басшылығы әзірше ол ақпарды растамай отыр. Әскер басшылығының өкілі Түркиямен шекара маңайындағы қақтығыста жергілікті 1 күрдтің оққа ұшып, басқа 13-інің жараланғанын ғана хабарлады. Мосул қаласында мұнай мекемесінің шенеунегіне қастандық жасалып, оның ұлы мерт болып, өзі жеңіл жараланды. АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремер Саддам Хусеин жақтастарының белсенді іс-әрекеттерге көшу мүмкіндігін ескертті.
XS
SM
MD
LG