ЛОНДОН: Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр тағы да өз үкіметінің АҚШ-пен және құрлықтық Еуропамен тығыз одақтас болуға ұмтылатынын мәлімдеді. Дүйсенбіде Лондонда сөйлеген сөзінде британ премьері - Еуропа елдерінің жетекшілерін Ирақтағы соғыстың салдарынан туған қарама-қайшылықтарды аттап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен бірге екендерін мәлімдеуге шақырды. Еуропа елдері, деп атап көрсетті ағылшын премьер-министрі, Балқан түбегінен Ауғанстанға дейінгі бірқатар елде бейбітшілік пен экономиканы қайта көтеруге белсенді атсалысуда. Ендігі жерде, деп ойын жалғастырды Тони Блэр, терроризмге қарсы коалиция Ирақта бейбітшілік пен демократия орнатуға тиіс.
Британ премьер-министрі Т.Блэр тағы да өз үкіметінің АҚШ-пен және құрлықтық Еуропамен тығыз одақтас болуға ұмтылатынын мәлімдеуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты