Миллер онда сөйлеген сөзінде, Ирақтағы поляк әскерінің мақсаты- ирақтықтарға үміт пен азаттық әкелу деп айтқан. Сонымен қатар, ол терроризм бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған осы заматта біз үйде отырып қала алмаймыз деген.
Миллер сондай-ақ, польша әскері Ирақтың қайта құрылуына көмектесіп, тезірек Ирақтың жаңа басшылығы қалыптасып, елдін қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алған соң үйлеріне қайтатынын айтты.
Бүгін Польшаның премьер министрі Лешек Миллер өз елінің тәуелсіздігінің 85 жылдығын Ирақтағы одақтас күштердің бір бөлігін құрап отырған Польша әскерлерімен бірге атап өтті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр