Accessibility links

Сейсенбі күні Ирақ астанасындағы АҚШ әкімшілігі кеңсесі маңайында бір неше зымыран жарылысы болды.


Жарақат алғандар бар. Ал, бұл арада АҚШтың Ирақтағы әкімшілік басшысы Пол Бремер Вашингтонға келіп, ресми басшылық пен болашақ шешімді шаралар жөнінде кеңесуде. АҚШтық қолбасшы, генерал Рикардо Санчестің Бағдатта тұрып мәлімдегеніндей, одақтас күштерге қарсы күреспек бүлікшілдерге қажетті кезде тиісті соққы беруге АҚШ қосындары әзір екен. Бағдат пен Басра қаласында болған екі жарылыстан сейсенбі күні, 3 адам қаза тауып, кемінде 9 адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG