Accessibility links

АҚШ бұрынғы Советтік ядро мамандарын жұмыспен қамтамасыз етуге баса назар аударып жатыр.


АҚШ-тың Энергетика министрлігі жұмыссыз орыс әскери ядро мамандарына жұмыс орындарын құру мақсатында жүздеген миллион доллардың қаржыларын шығарып отыр. Өткен аптада Филадельфияда өткен " Гүлдену мен Қауіпсіздік жолындағы Серіктестік" атты көрменің мақсаты - Ресейлік заманауи технологияларға ие, бірақ ақшаға зәру кәсіпорындары мен АҚШ-тың қаржыға бай фирмаларының арасындағы тікелей байланыстар орнату.

Бұрынғы Совет Одағында ойлап табылған, бірақ қаржыға зәру өнімдер көрмесі өткен аптада Филадельфияда екі күн бойы жүрді. Бұған жойқын қаруды таратпау бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Энергетика министрлігі мұрындық болды. Көрмеде Ресейде, Украинада және Қазақстанда жасалған ядролық реакторлар, көмір, мұнай, газ және сутегі технологиялары бойынша 140 жоғарғы техникалық бұйымдар көрсетілді. Көрмеде көрсетілген технологиялар бұрын-соңды американдық компаниялардың қол жеткізе алмайтын арманы еді.

"Гүлдену мен Қауіпсіздік жолындағы Серіктестік" атты көрменің мақсаты туралы АҚШ-тың Энергетика Министрі Спенсер Абрахам былайша түсіндірді. Мына технологиялардың көпшілігі ғаламдық базарда жаппай сұраныстар тудыратындығы сөзсіз. 100-ден аса ядролық отын және реакторлық технологияның отын элементтері, ғарыш және нано-технологиялар бойынша комерцияландыруға әзір бұйымдар қойылды. Тіпті терроршылдықтың таралуымен оның қауіпін азайтатын бірнеше технология бар. Соның қатарында адам бет-әлпетін анықтау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, шағын диагностика әрі химиялық және биологиялық датчиктер."

Бұл технологиялық жаңалықты Мәскеудегі Курчатов атындағы Ғылыми-зерттеу институты жасаған, аталмыш мекемеде Қырғи қабақ соғысы жылдары 10 мыңнан аса ядролық қару мамандары мен өзгеде ғалымдар жұмылдырылды. Совет Одағы ыдырап жоспарлы советтік экономика күйрегеннен кейін бұндай жоғарғы кәсіби мамандар азын аулақ жалақыға жұмыс жасауға мәжбүр болды, тіпті жұмыссыз қалды.

Филадельфия көрмесіне қатысқан Ресей Атом Қуатты министрі Александр Румянцевтың айтуынша:

"Иә, шындығында оларды бейбіт өмірге бейімдеу бұл шынайы мәселе. Бүгінгі көрме әскери саладағы ядролық қуатты бейбіт өмір үшін әрі адамзат қажеттілігіне пайдалану жолындағы өтпелі қадам мен жаңа көпірі іспетті."

Абрахам мен Румянцев көрме кезінде американ компаниясы мен Ресейлік жабық ядролық қала арасындағы серіктестік туралы жариялады. Ресейдің жабық Снежинск қаласының мамандары Калифорниялық медициналық компанияның тапсырмасымен медициналық жабдықтар жасап әлемдегі миллиондаған адамдардың денсаулығына өз қол-қабысын тигізетін болады. Конверсиялық Нимотех-Спектр бірлескен кәсіпорнын 3 жыл бойы американ үкіметі қолдап ресейлік 433 қызметкерге тұрақты жұмыс орнын құрады.
XS
SM
MD
LG