Accessibility links

«Ақ жол» демократиялық партиясы басшылары өткен cъезд қорытындыларына орай ойларын ортаға салды


Бұдан бұрын хабарланғанындай, «Ақ жол» демократиялық партиясы өткен жексенбі күні кезекті 3 сиезін өткізгені мәлім. Осыған орай сәрсенбі күні партияның тең төрағалары Әлихан Бәйменов пен Болат Әбілевтер құрылтай шешімдері мен сонда қаралған мәселелерді ортаға салды.


«Ақ жол» жаңа үлгідегі саяси партия ретінде қалыптасып, елдің қоғамдық саяси өміріндегі жаңа құбылыс болып отырғандығын тілге тиек етті. Сайлау туралы заңның жетілдірілмегеніне қарамастан партия сайлау сынынан өтті, 160-тан аса адам мүшесі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына өтті. Бұл үлкен жетістік дейді осы саяси ұйым басшылары.

Партия сиезі парламент депутаттарын, барлық саси партияларды сайлау туралы жаңа заңды 2003 жылдың соңына дейін тездетіп қарауға, сондай-ақ БАҚ туралы жаңа заңды да жеделдетіп қарауға күш жұмылдыруға шақырған үндеу қабылдады.

- Өткен сайлауда Үкімет бір қадам кері кетті. Әкімдер де соған жұмыс істеді, - дейді Болат Әбілев. Мұндай заңсыздықтарға орай біздің партия мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, партия басшылары ДТҚ саяси кеңесінің қамауда отырған жетекшісі Ғалымжан Жақияновқа кешірім жасап, оны тездетіп босату жөнінде сиез үндеу қабылдағанын хабарлады. «Ақ жол» партиясы ауыл бағдарламасына бөлінген қаржының жұмсалуын қадағалау, ауыл жастарының мәселесі жөнінде нақты шешім қабылдағаны сөз болды.
XS
SM
MD
LG