Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Қазақстанда адам құқықтары тапталып жатқанына немқұрайлы қарай ма?


Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерді терроризмге қарсы соғыста одақтастар деп тапты. Назарларыңызға осы тақырыпқа арналған американдық Эн-Пи-Ар радиосының 10 қараша күні шыққан хабарын ұсынамыз.

Алайда, "Американың стратегиялық одақтастары" деп танылған елдерде адам құқықтарын аяққа таптау, авторитарлық биліктердің белден басуы күшейді. АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігі осы мәселеге немқұрайлы қарайма деген мәселе американдық баспасөзде де жиі көтеріледі.

Американдық Эн-Пи-Ар радиосының тілшісі Мишель Келемен хабарына АҚШ сыртқы істер министрлігінің екі өкілін, абақтыда отырған журналист Сергей Дувановтың қызы Диниссаны және Қазақстан елшісінің орынбасары Талғат Қалиевты қатыстырды. Американдық екі ресми өкілдің бірі –Элизабет Джоунс Қазақстанда елші болған, Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақсы біледі. Элизабет Джоунс қазір сыртқы істер министрінің Европа мен Евразия істері бойынша көмекшісі.

Эн-Пи-Ар радиосының тілшісі Мишель Келемен Қазақстандағы адам құқықтарының жұпыны халін аңғартатын мысал ретінде Сергей Дувановтың мәселесін алға тартты. Сергей Дувановтың қызы Динисса Огайо штатының мемлекеттік университетінде аспирантурада оқиды. Динисса менім әкем мұнай жөніндегі Қазақстандағы коррупцияны әшкерелеп, жалған айып бойынша сотталып кетті деп біледі:

- Коррупция жөнінде Қазақстан халқына мәлімет жеткізуге әкем барлық мүмкіндікті пайдалана білді. Кең көлемде пайымдасақ, әкем бұл мақсатында табысқа жетті.

Сергей Дуванов қыз зорлады деген айыппен сотталып кетті, деп жалғастырады хабарын Мишель Келемен. АҚШ ресми өкілдері мен батыс заңгерлері Дувановтың ісіндегі кейбір деректер жөнінде тіпті тыпыршылап қалды, олардың шамалары тергеу тәртібіне қатысты сын айтумен шектелді, деп сүреттейді Эн-Пи-Ар радиосының тілшісі.

Ал Дувановты жақтаушылар болса ол Қазақстан басшыларының Швейцария банктеріндегі құпия есеп-шоттарын жазып, істі болды дейді. Бұл шаттаққа американдық бизнесмен Джеймс Гиффеннің де қатысы бар деген айып пайда болды. Қазақстан ресми өкілдері тергеуге наразылық танытып келеді. Элизабет Джоунс тергеудің барысына АҚШ үкіметі ешқандай салмақ салып отырған жоқ деп мәлімдейді:

- Ол жеке жағдайды Қазақстан өкілдері алдымызға қойғанда, бұл саяси мәселе емес деп бүкпесіз жауап қайтардық. Америка Құрама Штаттарының табиғатында қандай да бір саяси шешімнің жетегінде шешілітен шаруа жоқ. Бұл соттың құзырындағы іс, ол соттың қарауында қалуға тиіс.

Эн-Пи-Ар радиосының тілшісі Мишель Келемен Қазақстан жағының пікірін білу мақсатында елшіліктегі екінші адам Талғат Қалиевты әңгімеге тартыпты. Қазақстан ресми өкілдері Джеймс Гифеннің ісі жөніндегі әңгімеге, адам құқықтарының бұзылып жатқаны жөніндегі сынға әдетте қатты шамданады, дейді хабар авторы Мишель Келемен. Қазақстан өкілі Талғат Қалиев Буштың әкімшілігінің көңілінен шығатын шаруаларды жетерліктей орындап жатырмыз деп кесіп айтты. «Әріптестігіміздің екі күре тамыр жолы бар, ол қауіпсіздік пен энергетика. Ауғанстанда соғыс жүргенде әуе кеңестігімізді ашып бердік, Ираққа шағын топ жолдадық, АҚШ энергетика компанияларына жол аштық», - дейді Талғат Қалиев:

- Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасымыз өте жақсы жүріп жатыр. Ешқадай мәселе көріп отырған жоқпыз.

Дейтұрғанмен, Қазақстан жағы лоббистер мен адвокаттарды жалдап, Вашингтондағы атағын жөнге келтіруге күш салып жатыр, дейді Эн-Пи-Ар радиосы. Қазақстанда көтерем халге жеткен демократияға АҚШ сыртқы істер министрлігіндегілер мазасызданып отыр. Ал Қазақстан басшылары жарнамалық компанияларды жалдап, ол алаңдаушылықты қолдан тежемекші.
XS
SM
MD
LG