Accessibility links

Ирактағы жағдайдың қиындағаны басқару шаруасын ирактықтардың қолына тезірек тапсыруға жетектейді


Ирақтағы жағдайдың қиындай түскені Ирақты басқару шаруасын ирақтықтардың қолына тезірек тапсыруға жетектеп отыр.

АҚШ әкімшілігінің соңғы істері осыған саяды. Ирак басқару кеңесінің қызметінде ұлғайған мәселелерде осы негізгі жолмен шешілмек. Американдық газеттердің жазуынша, АҚШ әкімшілігі Ауғанстандағы өтпелі кезең әдісін қолдануы мүмкін.

Американдық газеттердің жазуынша, АҚШ тағайындаған Ирактың уақытша әкімі Пол Бремер Вашингтондағы төтенше жиналысқа қатысқанда Иракты басқару шаруасын ирактықтардың қолына тезірек тапсыру мәселесі талқыланды. Жоғары дәрежеде өткен талқылауда Ауғанстандағы өтпелі кезеңнің үлгісі әңгіме өзегіне айналды, деп жазады "Вашингтон пост" газеті. Алдағы 4-6 айда Иракта сайлаудың кейбір түрін өткізу, конституция жобасын жазуға құзырлы ұйым іріктеу, атқарушы билік орнын анықтау мәселелері қаралды, деп жазады "Вашингтон пост" газеті.

Әлбетте, төтенше жоспардың жеке тұстары әлі талқылау үстінде, сондықтан жаңа страттегияның сипатын айту ертерек, деп жазады американдық газеттер. Дегенмен, Ирақ мәселесінің ең жоғары деңгейде талқыланып жатқаны, Вашингтон мен Ирак басқару кеңесінің мазасыз қарым-қатынасы кез-келген өзгеріс нақты және түбегейлі болатынын көрсетеді.

АҚШ әкімшілігі мен Ирақ басқару кеңесінің сөзге келіспей отырғанын мына жайт та аңғартады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирактың жаңа конституциясының жобасы және демократиялық сайлаулардың жобасы 15 желтоқсанға дейін дайын болсын деп мерзім белгілеген. Алайда, Ирактың уақытша сыртқы істер министрі Хошияр Зубари Ирақтығы қауіпсіздіктің нашар жағдайы бұл мерзімге шейін шаруаны атқаруға мүмкіншілік бермейді деді. Асығыстың қажеті шамалы деп конституция жобасын дайындау комитетінің төрағасы Фуад Маасум да айтып отыр "Азаттық" радиосына берген сұхбатында:

- Конституция бір буынға қане арналмайды. Ол келесі ұрпақтарға да қызмет ету керек. Біз мұны теріске шығара алмаймыз, назардан тыс әкете алмаймыз. Бірақ бізге асығыстың да қажеті жоқ. Біз қарқынды жұмыс істеуіміз керек.

Ирак басқару кеңесінің бұлайша саябырсығаны ресми Вашингтонның көңілінен шыға қоймайды, әрине. Себебі Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген 15 желтоқсандағы соңғы мерзім АҚШ ұсынған жобада жазылған. Ирак жөніндегі жаңа резолюция Америка Құрама Штаттарының ұсынысымен қабылданды.

Ирак басқару кеңесінің шектеулі мерзімге үлгермейміз, елдегі қауіпсіздіктің жағдайы нашар дегені АҚШ тағайындаған осы басқару мекеме мен АҚШ әкімшілігінің арасындағы кейбір қайшылықтарды ортаға салды. Ирақ басқару кеңесі қолымызға көбірек билік тисін, әйтпеген жағдайда қауіпсіздікті нығайтуға ирактықтарды көбірек ынталандыра алмаймыз дейді. Дегенмен, жиі айтылатын мұндай талаптарға Одақтастардың уақытша әкімшілігі көп құлақ асатын емес. Американдық газеттер Ирак басқару кеңесі сайлау арқылы іріктелмеген билік мекемесі, АҚШ ресми өкілдері соны есепке алып отыр деп жазады. Одақтастардың уақытша әкімшілігінің Ирақтың мұнайға қатысы жоқ кәсіпорындарын жекешелендіру жоспарымен де Ирак басқару кеңесі көптеген жерде келіспейді.
XS
SM
MD
LG