Бейсенбі күнгі, сот мүшесі Қанат Сырлыбаев төрағалық еткен сот отырысында әуелі куәгер ретінде 1999 шы жылдың шілде айынан 2000 шы жылдың қаңтар айына дейін Солдат ЖШС-інде бухгалтер болып істеген Наталья Корягина деген әйел шақырылып айыптаушы, ақтаушы және сот төрағасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ол өзі жұмыс істеген осы уақыт ішінде Алматы қалалық не аудандық салық комитеті тарапынан қандайда бір ескерту, кінәнің болмағандығын, Солдат ЖШС-нің барлық қаржылық қағаздары мен құжаттарына сол кезде директор болған Арғынғазы Мадиянов пен өзі қол қойып,өздері жауап бергендіктерін айтты. Ал өзінің осы жұмыстан кету себебін сол кездегі жағдай мен айлық жалақының аз болуымен түсіндірді.
Е.Бапидің ісіне байланысты куәгер ретінде шақырылған Қазақстан Республикалық Халық Партиясы атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов шетелдегі сапарынан әлі орала қоймағанына байланысты ол бейсенбі күнгі сотта болмады. Сотталушы Е.Бапи сот төрағасына қайырылып өзінің нақақ жалалар бойынша қалалық қаржы полициясы мен қалалық прокурор тарапынан үстінен сот ісі қозғалғандығын соттың тергеу ісі барысында өзіне тағылған үш қылмыстық істің үшеуі де дәләлденбегендігін айта келе қылмыстық істерді тоқтатуды сұрады.
Бұдан соң сот төрағасы Қанат Сырлыбаев сот жұмысының ең бір шешуші кезеңінің аяқталғандығын енді жарыс сөз, пікір таластың ашық екендігін жариялады.
Әуелі сөз алған мемелекеттік айыптаушы Нұржан Тұрдықұлов Е.Бапиге қатысты үш түрлі қылмыстық істің бірі яғни жалған кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптың сот тергеу ісі барысында жақсы дәләлденбегені үшін бұл айыпты алып тастап қалған екеуін яғни салық төлеуден жалтарған және бухгалтерлік есепті әдейі бұзған деген айыптарды қалдырғысы келетіндігін мәлімдеді.
Бұдан соң сөз алған Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, Е.Бапидің қорғаушысы Мұстахим Төлеев өзінің қорғауындағы азамат Е.Бапиге қатысты қылмыстық істің үшеуі де сот тергеуі барысында анықталмады, сондықтын да қылмыстық істерді тоқтатуды талап етті.
Сонымен сот жұмысы қарашаның 14 і күні одан әрі жалғасатын болды.