Accessibility links

АҚШ әкімшілігінен хабарланғанындай, президент Буш үкіметтік билік құқығын Ираққа өткізу жөніндегі мезрзімкестесін өзгертуге АҚШ дайын тұр , деген.


Ұлттық Қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесші Кондолиза Райс ханым, басқару билігі жергілікті жетекшілерге өткізілер кезде Ирақ Ата заңы қайта қаралмайтын болады, деген. - Әкімшілік билігін Ираққа өткізу механизмі қатып қалған тас ереже емес. Ирақ халқының тұрақты коснтитуциясы бар. Олар тұрақты үкіметке дауыс беру құқығына ие. Жалпы бұл орайда ешқандай өзгеріс жоқ. Бір маңызды нәрсе – біз әкімшілік басқаруды ирақ халқының өзіне беру ісін тездестіру жолын іздеуіміз керек, - деген Кондолиза Райс ханым. АҚШ тағайындаған Ирақ басқару кеңесі біздің билік құқымыз шамалы, деп тезіреқ ирақтықтардың өзі басқаратын өтпелі кезең үкіметін құру керек, деген талап қойып отыр. Ал бейсенбі күні таң ертең президент Буш, өзін өзі басқара алатын Ирақ үкіметін тезірек құру жөнінде Ирақтағы АҚШтық бас өкіл Бремерге тапсырма бердім, деген. Ал бұл арада, өткен түнде де атыспалар болып, бір неше бомбы жарылысы Бағдатты сілкіндірген. АҚШтық бір әскери өкілдің айтуынша, америкалық күштер дұшпан нысаналарына жерден және әуеден соққылар беріп тұрған.
XS
SM
MD
LG