Accessibility links

Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Жабайхан Әбділдин бастаған топ ЕЦ-166/10 мекемесінде болды.


Қарашаның 14-і күні Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Жабайхан Әбділдин бастаған топ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/10 мекемесінде болды.

Қатаң тәртіптегі бұл мекеме 1200 адамға арналған. Мұнда қазір 1148 сотталушы жазасын өтеуде. Осы жылдың қыркүйек айының 28-і күні мұнда оқыс оқиға орын алған болатын. Сотталғандардың арасында бұл оқиғаға қатысты пікір қарама-қайшы.

Жазасын өтеуші Дмитрий Мищуктің айтуынша, теріс қылықты сотталғандар жанындағыларды мұнда жағдай жоқтығын айтып, әкімшілікке шағым жазыңдар деп ұрып-соққан.

“Олар семіздікті көтере алмауда. Ал, мұнда ішкі тәртіп бар. Ол сақталады”, - дейді ол.

Ал, сотталушы Максим Хобрицаның айтуынша, 28-і күні әкімшіліктен әлде комитеттен бе адамдар келіп, ұрып-соға бастаған. Жексенбі күні ұйқыдан тұру мезгілі сағат жетіде болса да таңғы бес жарымда келгендер ештеңе түсіндірмеді. Соққандары соншалық, 1-ші қалалық аурухананың 4-ші бөлімінен сұрауға болады. Онда мен бір тәулік жатып шықтым”, - дейді Максим Хобрица.

Максим Хобрицаның айтуынша, оның босауына үш ай уақыт қалған. “Маған мұндайдың қажеті қанша еді”, - деді ол.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Жабайхан Әбділдиннің, “Сіздерді не үшін ұрды?” деген сұрағына, Максим Хобрица, “бізге мұны тәрбиелеу жұмысы деп түсіндірді”, - деді.

Максим Хобрицаның айтуынша, ол өзі бірнеше рет сотталған. ЕЦ166/10 мекемесінің бастығы Толқын Нарымбиевтің айтуынша, аталған мәселе тиісті орындарда тергелуде.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Жабайхан Әбділдин, мекеме жағдайымен танысқаннан кейін журналистерге сұхбат берді.

“Кейбіреулері бірнеше рет сотталған. Талай кісілерді өлтірген. Барлығын аралап өттік. Қандай қатаң қылмыс жасағанмен, ол адам. Оған адам сияқты көзқарас, адам сияқты тұрмысы болуы керек. Жағдайлары жалпы жаман емес. 28-ші қыркүйекте бір қылмыс болып, қарындарын кескен… Түннің ортасында мені ұрды дейді. Бұл мәселе қаралып, прокуратураға берілген. Қазір сол мәселе тергеліп жатыр. Жалпы бұларға көңіл бөлу жағдайлары жаман емес сияқты.”

Комиссия адам құқықтарының сақтаулы жайында Мемлекет басшысына баяндап отырады.
XS
SM
MD
LG