Accessibility links

БҰҰ өз штабын Ираққа қашан қайтарары белгісіз.


Никосия. Кипр. Осында орналасқан БҰҰ-ның үйлестіру мекемесінің өкілі Кевин Кеннеди БҰҰ өз штабын Ираққа қашан қайтарары белгісіз деді. Алайда, бүгін Никосияда БҰҰ өкілдерінің бас қосуында бұл ұйым қызметкерлерінің Ираққа оралу мәселесі талқылануда. ҚШ болса Ирақтағы американдықтар мен халықаралық ұйымдарға шабуылды тоқтату үшін "Темір балға" операциясын жүргізіп жатыр. Бағдадтағы американдықтарға шабуылдаушыларға қарсы ҚШ әскері өткен түні артиллерия, минометтерді іске қосты.
XS
SM
MD
LG