Мұнайшылардың вахталық елді мекені “Жаңа жолда” ашылатын бұл мешітті өз қаржысына “СНПС-Ақтобемұнайгаз” компаниясының қызметкері Қанат Ерғали қажы тұрғызуда. “Әріптестеріме мұндай сыйлық жасау жөнінде мен биылғы жылы Меккеге қажылыққа барып келгеннен кейін шешкен болатынмын”-, дейді Қанат қажы Казахстан тудей ақпарат агенттігіне берген сұхбатында. Үстіміздегі жылдың мамыр айында құрылысы басталған бұл мешіт қазірдің өзінде бітуге таяп қалған. Оның ішіне 100-ден аса намазға тұрушы жамиғат сыйып кетеді екен.
Рамазан айының соңына қарай, Айт мерекесі тойланар тұста Ақтөбеде жаңа мешіт өз қызметін бастамақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес