Accessibility links

Құрама Шттарының Ирақтағы әскери өкілдері хабарына қарағанда, Бләк Хаук деп аталатын екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан олар апатқа ұшыраған.


Оның кесірінен кем дегенде 17 адам қаза болып, бесеуі жараланып, біреуі дерексіз кеткендердің санына қосылып отыр-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Мосул қаласында орын алған бұл апаттың кесірі әлі толық түрде айқындала қойған жоқ. Алайда, оқиға болған жерден берілген алғашқы хабарларда тікұшақтың біріне жерден оқ атылғандығы айтылған болатын. Сондай-ақ, АҚШ тарапынан тағайындалып қойылған Ирақтың Өкіметтік Кеңесі болса АҚШ-тың бастауындағы коалициялық өкіметтің ел билігін егеменді, өтпелі өкімет қолына келесі жылдың маусым айына дейін тапсыруды жоспарлап отырғаны жөнінде жариялады. Елдің жаңа Ата заңының, билік ирақтықтарға тапсырылғанға дейін қабылдануы тиіс-, деген бұдан бұрынғы жоспарларынан Буш әкімшілігі бас тартып отыр. Қазіргі жоспар бойынша жаңа Ата заң мен сайлаудың 2005-ші жылдың соңына дейін қабылдануы ұсынылуда.
XS
SM
MD
LG