Accessibility links

Гүржістан президенті Э.Шеварднадзе оппозициямен келіссөзге отыруды, тағы да ұсынды.


ИТАР ТаСС агенттігіне берген сұхбатында ол, елдегі саяси жағдай ауыр , бірақ оны ретке келтіруге болады, - деген. Сондай-ақ Шеварднадзе, үкімет оппозиция ұйымдастырып отырған бұл қарсылық науқанына тиісті заң шеңберінде шара қолданады, - деген. Ал бұл арада, оппозиция жетекшісі Михаил Саакашвили өз жақтастарын қарсылық әрекетке жексенбі күні тағы да шақырған. Оның мәлімдеуінше, бүгін дүйсенбіде гүржістандықтар жаппай ереуілге шығатын болады. Орталық сайлау комитетінің мәлметіне қарағанда, жексенбі күнгі сайлаудың екінші айналымында, 9 үчаскіден төртеуінде техникалық себептермен сайлау дұрыс өтпеген.
XS
SM
MD
LG