Accessibility links

Мұнайдан түскен табысқа қоғамдық бақылау қажет


17-19 қараша аралығында Алматының іргесіндегі Алатау демалыс орнында «БАҚ-та мұнай секторының табысы туралы баяндау» атты мастер-класс жұмысына 40-қа жуық қазақстандық қатысты

Бұл шара Қазақстан баспасөз клубы және Initiative For Polisy Dialogye, Нью-Йорк ашық қоғам институты, АҚШ елшілігі, Сорос-Қазақстан қоры , ЕЫХҰ өкілдігі және Вашингтон халықаралық журналистка институтының қолдауымен өткізілуде.

Семинарда журналистер алдында Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша лауреаты Джозеф Штигитц, Колумбия унииерситетінің профессоры Дженик Радон Бүкіләлемдік банктің ұлттық директоры Меруерт Махмұтова Денис де Трей, Сорос-Қазақстан қорының атқарушы джиректоры Дариуш Зитек, Қазақстандық экономистер сөз сөйледі.

Шара мақсаты- мұнай саласы туралы жазып жүрген қазақстандық журналистердің кәсіби деңгейін жоғарылату.

- Қазақстан қазір әрі-сәрі болуда. Сондықтан біз ел үкіметі және қоғам бірігіп, мұнай табыстарының бүкіл халыққа пайдасын тигізу жолында жұмыс істейді деп үміттенеміз, - дейді Джозеф Штиглитц .

Дамып келе жатқан елдерде мұнай ресурстар табысын тиімді пайдалану оңай мәселе емес. Бұл елдер табысты дұрыс пайдаланса, қаржылық теңсіздікті, жемқорлықты, табысты әділетсіз таратудан аулақ болып, инфляция мен төмен экономикалық өсімді болдырмайды. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін бұл өте маңызды мәселе. Егер елдің лидерлері бұл мәселені оң шешсе, онда республика энергетикалық байлықтары бар өзге мемлекеттерге үлгі болар еді.

Семинарға қатысқан журналистер мұнай байлығының көрші елдерге ықпалын сөз етіп, басқа елдердің даму жолындағы шараларымен танысады.
XS
SM
MD
LG